Елордада атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі

561

Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің мөлшері осы жылдың екінші тоқсанында 35 482 теңгені құрады.

Елордада атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ел азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар АӘК ала алады.

Атаулы әлеуметтік көмек төлеу тетігі туралы онлайн-брифингте Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова түсіндіріп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау енгізілді. Бұл АӘК алатын отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

Монетизация қолдау ретінде АӘК алушылар қатарындағы балаларға қосымша төлем белгілеу жолымен жүзеге асырылды.

АӘК тағайындау кезеңінде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем жүзеге асырылады. 2023 жылы АЕК 3 450 теңгені құрайды, осыған сүйене отырып, АӘК сомасына ай сайынғы қосымша төлем 5 175 теңгені құрайды.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде табыстың мынадай түрлері ескеріледі: 
- еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер, оның ішінде кейбір әлеуметтік төлемдер; 

- 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; 

- "Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы" 2011 жылдың 26 желтоқсанындағы ҚР Кодексінде көрсетілген балалар мен адамдарға алимент түріндегі кірістер; 

- кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер; 

- жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер; 

- бағалы қағаздардан түсетін кірістер; 

- жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға тарту, мұрагерлік түрінде алынған кірістер;

- өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер; 

- ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;

- жазбаша өтінішпен расталған өзге де кірістер.

АӘК тағайындау мәселесін қарау үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығына жүгіну қажет (тел. 27-23-23) немесе www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу