Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады

1513

21 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады.

 Елордада  ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталады

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерінің маусымы басталады. Онда өз өнімдерін жергілікті фермерлер жексенбі күні ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 "Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті құны нарықтықтағыдан 10%-ға төмен бағамен сатып ала алады", - делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.

Жәрмеңке елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында  өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу