Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағытына өзгеріс енді

577

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады. 

Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағытына өзгеріс енді Фото: inbusiness.kz

Астанада бірқатар қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгерді, деп жазады inbusiness.kz.

“Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 3, 23, 25 бағдарларының қозғалыс сызбасы https://t.me/ikomek109/23689 уақытша өзгерді”, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек тұрғындарды қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 7 тамыздан бастап № 319 қала маңы бағдарындағы автобус саны артады.

“Енді жұмыс күндері бағдарға 4 автобус шығады. Демалыс күндері - 3 автобус”, - деп хабарлады "City Transportation Systems".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу