Елтаңба өзгерсе қолданыстағы банкноталарға қалай әсер етеді?

119

Рәміздің өзгеруі қазір айналымда жүрген банкноттар мен монеталарға әсер етпейді. 

Елтаңба өзгерсе қолданыстағы банкноталарға қалай әсер етеді? Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында Елтаңба өзгерсе, банкноттар мен монеталар айналымына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, Елтаңба ауыса ма, деген сұраққа жауап тауып алу керек сияқты. Өйткені қазір сол саладағы ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Кейін ұсыныс айтатын шығар, әзірге нақты ұсыныс берілген жоқ.  Бұл мәселені біз өз шеңберімізде зерделедік. Қазір айналымда жүрген банкноттар мен монеталарға қатысты қандай да бір өзгеріс болмайды. Олар ескіріп біткенше айналымда бола береді", - деді Ұлттық Банк төрағасы. 

Оның айтуынша, Елтаңба өзгерген күннің өзінде монета шекіп, банкнот басатын жаңа қондырғы алудың қажеті болмайды.

"Ал Елтаңбаны өзгерту туралы шешім нақты қабылданса, одан кейін шығатын монеталар мен банкноттардың дизайны басқаша болатыны түсінікті. Қазақстан банкнот фабрикасындағы қондырғы айтарлықтай жақсы. Сондықтан оның техникалық баптауларын өзгертуде қандай да бір қиындықтар болмау керек. Сәйкесінше, қосымша шығындар болмайды", - деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу