Ең төменгі күнкөріс деңгейі 12%-ға өсті

1540

Жыл басынан бері тауарлар мен қызмет көрсету бағасы 5,6%-ға жоғарылаған. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 12%-ға өсті Фото: Максим Морозов

2020 жылдың қаңтарында елімізде жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңдейі 30 мың теңгені құрады, деп хабарлады Finprom.kz. 

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,6%-ға жоғары. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 26,9 мың теңге болатын. 

Бұл ретте жыл басында тауарлар мен қызмет көрсету бағасы 5,6%-ға өскен. Оның ішінде азық-түлік 9,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,2%-ға, ақылы қызметтер 1,4%-ға қымбаттаған. 

Еліміздегі төменгі күнкөріс деңгейі ең жоғары өңір – Маңғыстау облысы. Аталған аймақтың көрсеткіші – 35,4 тыс теңге. Бұл орта респуликалық деңгейден 18%-ға жоғары. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге) және Алматы (33,1 мың теңге). Бұл өңірлердің көрсеткіші орта республикалық деңгейден 11,6%-ға және 10,4%-ға жоғары. Ал Павлодар (26,3 мың теңге), БҚО (26,9 мың теңге) мен Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстарында аталға көрсеткіш ең төмен болып есептеледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу