"Еңбегі орасан зор": Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне алғыс білдірді

506

Димаш Құдайберген ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарына алғыс білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еңбегі орасан зор": Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне алғыс білдірді

Бүгінде ұландықтар елдегі күрделі жағдайға байланысты күн-түн демей халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресіп жатыр. Осы орайда, барша әлемді тамсандырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді.

– Қазіргі таңда ұландықтардың атқарып жатқан еңбегі орасан зор. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып қызмет атқару – ол да бір ерлік десем артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалады, – деді Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетсек, халықтың қалаулысы Димаш та игі істен шет қалмай, туған жері Ақтөбеге сапар жасап, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу