Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі басталды

459

Жәрмеңкеде әр түрлі мамандықтар бойынша 680-нен астам бос жұмыс орны ұсынылады.    

Enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесі басталды Фото: gov.kz

Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Жәрмеңкеге еліміздің түрлі өңірлерінен "Алматы ауыр машина жасау зауыты" АҚ, "KSP Steel" ЖШС, "Ремстройтехника" АҚ, "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС және басқа да 20-дан астам ірі жұмыс беруші қатысады.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-таныстырылымын өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады.

Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады, сондай-ақ "Сынақ мерзімін қалай сәтті өтуге болады" және "Жұмысқа басқа үміткерлерден қалай ерекшеленуге болады" вебинарларына қатыса алады.

Іс-шараға қатысу үшін ЭЕБ порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын қарап, оларға жауап бере алады.

Жәрмеңкені өткізу барысын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми Youtube-каналынан мына сілтеме бойынша көруге болады: 

https://www.youtube.com/watch?v=6kO9RBANEvo

Іс-шара Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу