Энергетика министрі Қашаған кен орнының жұмысы тоқтады деген ақпаратты жоққа шығарды

953

Кеше БАҚ бетінде Қашаған кен орыны шұғыл кешенді жөндеуге жабылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл сұраққа бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді. 

Энергетика министрі Қашаған кен орнының жұмысы тоқтады деген ақпаратты жоққа шығарды

"Қашаған жұмысы қазір ешқандай да екі ай жөндеу жүргізу үшін тоқтатылған жоқ. Жоспарлы жөндеу жұмысы жазда болады. Кен орыны штаттық режимде жұмыс істейді. Егер Каспий құбыр консорциумындағы айлақ құрылғысының бірі іске қосылса, кен орнын тоқтатудың қажеті жоқ", – дейді министр.

Оның айтуынша, Каспий құбыр консорциумындағы апат бір айда қалпына келтіріледі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу