Энергетика министрлігі бензиннің неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

1195

Атырау, Шымкент МӨЗ-деріндегі күрделі жөндеу жұмыстары бензин бағасына әсер етуі мүмкін.

Энергетика министрлігі бензиннің неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Энергетика министрлігі еліміздегі жанар-жағармай құю станцияларында (АЖҚС) бензиннің бағасының неге өскенін түсіндіріп, депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Кеше мәжіліс депутаты Альберт Рау бензиннің қымбаттауына кәсіпкерлердің өзара ауызжаласуы себеп болуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Осыған байланысты Энергетика министрлігі бензинге төмен бағаны ұстау үшін жер қойнауын пайдаланушылар ішкі жанар-жағармай нарығын субсидиялайтынын атап өтті.

"Бүгінде Қазақстан мұнай өнімдерінің ішкі нарығында АЖҚС-та бензиннің бөлшек сауда бағасының өсуі байқалады. Бұл ретте мұнай өнімдеріне бағаны мемлекет емес (бензинге 2015 жылдан бастап, дизельге 2016 жылдан бастап) нарық реттейді", – деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство мұнай өнімдерінің нарығы өте құбылмалы болып саналатынын, Қазақстанның ішкі нарығында да, көршілес елдерде де салық салу, баға белгілеу жүйесі және ЖЖМ-мен қамтамасыз етілуі (бақыланбайтын ағын), сұраныстың маусымға байланысты өзгеруі, МӨЗ-дегі технологиялық іркілістер немесе күрделі жөндеу сынды ақпарат жанар-жағармай бағасына әсер ететінін жеткізді.

"Сондықтан жоғарыда аталған жағдайлар мұнай өнімдеріне үнемі баға "тепе-теңдігін" іздеуді талап етеді. Ішкі нарықта баға төмен болған жағдайда отандық өнімнің көрші нарықтарға ауысуына байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал жоғары бағалар болған жағдайда импорттық бензиннің профициті салдарынан Қазақстан мұнай өңдеуші зауыттарында (МӨЗ) қайта өңдеу көлемінің төмендеуіне байланысты қазақстандық қоймалар отандық отынға толып кетуі мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Министрлік соңғы аптада шекаралас аймақтарда бензинді бөлшек саудада сатудың айтарлықтай өсуі байқалатынын жеткізді. Алайда ведосмство бағаларды реттеу және "арзандатылған" мұнай өнімдерін тарату бойынша жүйені құру тиімсіз және шығыны көп шара деп пікірде:

1) төмен бағаның пайдасын мұқтаж азаматтар ғана емес, шекаралас жатқан  көрші елдердің тұрғындары да пайдалануы мүмкін;

2) әр түрлі әдістерді қолдану арқылы мұнай өнімдерін экспортқа "көлеңкелі" түрмен шығаруға жол беріледі;

3) мұнай-газ өндіру саласын тұрақты дамытуға кедергі болатын тәуекелдер туындайды.

ЭМ бензин бағасын нарық реттейтінін, алайда бюджетке салықтық түсімдер түсу керегін атап өтті.

"Салықтық түсімдер арқасында адрестік әлеуметтік көмек бойынша шығындарды өсіру керек. Әрине, нарықтағы бағаны қалыптастыруда транспарентті жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет", - деп жазылды хабарламада.

Сондай-ақ министрлік отандық МӨЗ-дердегі күрделі жөндеуге тоқталды: "Отын нарығының жоғары құбылмалылығы, оның сезімталдығы ескере отырып, Атырау МӨЗ-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары және Шымкент МӨЗ-ін жөндеуге күтілетін жоспарлы тоқтау туралы ақпарат мұнай өнімдерінің құнына әсер етуі мүмкін".

Мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандырудың құралы ретінде Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің ресми экспортқа шығатын көлемін реттеуді қарастырады.

"Осы механизм шеңберінде 2021 жылдан бастап Министрлікпен экспортқа жөнелту алынып тасталды. Жалпы елдегі АИ-92 бензинінің ағымдағы қоры жайлы деңгейде – қабылданған шаралар арқасында жылдың басымен салыстырғанда қор 60 мың тоннаға өсіп, 270 мың тоннаға жетті. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, нарықтағы бағаның тұрақталуын күтіп отырмыз", - дейді ведостводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу