Ердоған 3 маусымда ант беріп, үкімет құрамын жариялайды

491

Жаңа мерзімге қайта сайланған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 3 маусымда Парламентте ант қабылдайды және сол күні елдің жаңа Үкіметінің құрамын жариялайды.  

Ердоған 3 маусымда ант беріп, үкімет құрамын жариялайды Фото: Голос народа

Бұл туралы бейсенбіде Түркия Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтун "Т-24" телеарнасының эфирінде хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"[Ердоғанның] ант қабылдауы Парламентте өтеді. Содан кейін ол Президент сарайында инаугурацияға келген шетелдік көшбасшылар мен өкілдерді қабылдайды. Сол күні кешке біздің президент жаңа Үкіметтің құрамын жариялайды", - деді Алтун.

Ердоған сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00 Парламентке келіп, ант береді. Сағат 15.00-де Түркия Республикасының негізін қалаушы Кемал Ататүріктің кесенесіне, ол жерден Бештепе президенттік кешеніне барып, ұлықтау рәсіміне арнайы келген шетелдік өкілдерді қабылдайды. Онда ол олардың құрметіне кешкі ас беріліп, көшбасшы 22.00-де жаңа Үкіметтің құрамын жариялайды.

Бейсенбіде Түркияның орталық сайлауы 28 мамырда өткен президенттік сайлаудың екінші турының соңғы нәтижелерін жариялады. Сайлау нәтижелеріне сәйкес Ердоған сайлаушылардың 52,18% дауысымен Мемлекет басшысы болып қайта сайланды, ал оның қарсыласы — оппозиция жетекшісі Кемал Кылычдароғлы 47,82% дауыс жинады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу