banner

Ескі үйлер сүріліп, жаңасы салынады

646

Ақтауда тозығы жеткен тұрғын үйлер жаңартылады. 

Ескі үйлер сүріліп, жаңасы салынады  Фото: Хабар24

Әңгіме оны күрделі жөндеуден өткізу туралы емес. Қалалық әкімдіктің мәліметінше жарты ғасырдан аса уақыт тұрған 15 үй сүрілетін болады. Ал ондағы тұрғындар сол жерде бой көтеретін көпқабатты тұрғын үйден тегін пәтер алады. Бүгінгі таңда жергілікті билік құрылыс жүргізетін серіктестікпен келісімшарт жасаған. Былтыр басталған жұмыс 3 жылға созылады. Үш кезеңнен тұратын жаңару бағдарламасы аясында 15 үй жойылып, оның орнына көпқабатты 9 үй бой көтереді. 600-ден аса адам баспанамен қамтылады. 

"71,72-үйдің орнына жаңа 30, 35 пәтерлі үй салынады. Оған тозығы жеткен 5 үйдің тұрғындарын көшіреді. Екінші кезеңде осы тозығы жеткен 5 үйді бұзып, орнына жаңадан 100, 105 пәтерлі екі үй салып, соған ескі 10 үйдің тұрғындарын көшіру жоспарланған", дейді Қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бақтияр Мақсатов.

Сондай-ақ, тұрғын үйдің ішкі немесе сыртқы келбетіне жөндеу жасаймын десеңіз жергілікті әкімдік қаражат беру тетігін де қарастырған. Алайда, ол үшін ережеге сай тұрғындар жиналысы өту керек. Көпшілік келісім берсе, "Нұрлы жер" бағдарламасымен қайтарымды қаражат алып, көпқабатты тұрғын үйді жаңартуға болады. Айта кету керек, әлі күнге дейін бұл бағдарламаның көмегіне жүгінген тұрғындар жоқ.

"Нұрлы жер" бағдарламасымен күрделі жөндеу жүргізу үшін тұрғындардың келісімі керек. Тұрғындар жиналыс жасайды. Соған жилищный инспекйия мамандарын және модернизациямен айналысатын мекемені, яғни "Ақтау тұрғын үй" серіктесін шақырады. Сол жиналыста жөндеудің смета, барлық жұмыстары айтылады", дейді Қалалық Тұрғын үй инспекциясының бас маманы Мұхамбет Жүсіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу