FlyArystan-ның Air Astana-дан бөлінуі: Питер Фостер жауап берді

383

FlyArystan Air Astana-дан бөлінген жағдайда әуе билеттерінің құнына қалай әсер етеді?

FlyArystan-ның Air Astana-дан бөлінуі: Питер Фостер жауап берді Фото: arbat.media

Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер Үкімет кулуарында бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бұл мәселе бойынша нақты түсінік беру қажет деп білемін. Егер де FlyArystan-ның Air Astana-дан тез арада бөлінуін қарастырар болсақ, онда нарықта тарифтердің төмендеуі туралы айта алмаймыз. Бұл керісінше тарифтің көтерілуіне алып келеді", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Еске салайық, осыған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әуе компанияларда жолаушылармен диалог орнату мәдениеті төмен екендігін айтқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу