Франциядағы тәртіпсіздіктер Швейцарияға жетті: жеті адам ұсталды

405

Лозанна орталығында 100-ге жуық адам жиналды

Франциядағы тәртіпсіздіктер Швейцарияға жетті: жеті адам ұсталды Фото: the Telegraph

Франциядағы тәртіпсіздіктер көрші Швейцарияға тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz The Telegraph-қа сілтеме жасап.

Лозаннада наразылық білдірушілер полициямен қақтығысып, жеті адам, оның ішінде алты кәмелетке толмаған адам, қалада бірнеше дүкеннің терезелері сындырғаны үшін ұсталды.

"Францияда болып жатқан оқиғалар мен тәртіпсіздіктерді қайталап, жүзден астам жастар Лозаннаның орталығына жиналып, кәсіпкерлерге зиян келтіріп жатыр. Полиция қызметкерлері бірнеше рет оларға тастар мен Молотов коктейльдерін лақтырған наразылық білдірушілерді ұстауға мәжбүр болды. Олардвң Францияға қарап шабыттанғаны сөзсіз", - деді Лозанна полициясы.

Лозанна кеңесінің мүшесі Пьер-Антуан Хилдбранд "бұл ұйымдастырылған тонаушылықты ештеңе ақтамайды" деп мәлімдеді.

Швейцария полициясы 15 пен 17 жас аралығындағы алты адамды – үш қыз бен үш ұлды (Португалия, Сомали, Босния, Грузия, Сербия, Швейцария азаматтары) ұстады. 24 жастағы швейцариялық та ұсталды. Полиция қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Өткен аптада Бельгия астанасы Брюссельде он шақты наразылық білдіруші ұсталды.

3 шілдеде Франция президенті Эммануэль Макрон Француз Парламентінің депутаттарымен және тәртіпсіздіктерден зардап шеккен 220 қала мен комунның әкімдерімен кездесуге дайындалып жатыр. Елдегі жағдайға байланысты ол Германияға жоспарланған сапарын ауыстырды. Наразылықтардың себебі полиция қызметкері атып өлтірген 17 жастағы жасөспірімнің өлімі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу