Головкин жекпе-жектен бас тартты

550

Жерлесіміз тағы бір титулынан айырылды.  

Головкин жекпе-жектен бас тартты Фото: kazpravda.kz

Қазақстандық Генадий Головкин кубалық Эрисланди Ларамен кездесуден бас тартып, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы қос мықтыны жекпе-жек өткізуге міндеттеп, келсіссөздерге 15 күн берген болатын. Нәтижесінде Головкин промоутерлік саудаға қатыспады. Сәйкесінше чемпиондық белдік енді жекпе-жексіз Эрисланди Лараға беріледі.

Ал, Головкин болса 1 айдың ішінде 2 бірдей титулынан айырылып отыр. Осының алдында тағы бір кубалық Эскиво Фалькаомен де кездесуге келіспей, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін босатқан болатын.

Енді жерлесіміздің қолында бір ғана атақ қалды. Яғни, ол қазір – IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Генадий Головкин биыл 41 жасқа толады. Бүгінге дейін кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42-сінде жеңіске жетті. Ал күні кеше бас тартқан белдігін жапониялық Риота Муратаны жеңу арқылы иеленген болатын және оны бірде-бір рет қорғамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу