Грузияда Ресеймен байланыс жасағандарды "әшкерелейтін" сайт құрастырылды

341

Онда, әсіресе, ресейліктермен байланысы бар кәсіпкерлер мен үгіт-насихат жүргізушілер әшкереленетін болады.  

Грузияда Ресеймен байланыс жасағандарды "әшкерелейтін" сайт құрастырылды Фото: tsargrad.tv

Грузияның "Гирчи — бостандық арта берсін" және "Дроа" оппозициялық партиялары "Ресеймен келіссөздер жүргізген не қазір байланысы барларды әшкерелеуге" уәде беретін платформа құрды, деп жазады inbusiness.kz.

"Базаға енгізілетін тұлғалар бойынша шешімдерді партия, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері кіретін кеңес қабылдайды. Айына бір рет платфо011111грма жаңа қатысушылардың тізімін Грузияның халықаралық серіктестеріне жібереді", — деп хабарлайды "Новости-Грузия" порталы.

"Гирчи — бостандық арта берсін" жетекшісі Зураб Джапаридзе "еліміз сайлауалды кезеңге қадам басқанда әрі батысқа қарсы күштер күшейе түскенде мұндай қадамның өзектілігі арта түсті"деп мәлімдеді.

Сайтта "бандиттер", "үгіттеушілер", "боттар", "жақын кәсіпкерлер" мен "алаяқтар" тізімі жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу