Гүл дүкеніндегі дау: Мемкірістер басқармасының қызметкері жұмыстан кетті

997

Ол өз өтініші негізінде қызметтен босатылған.

Гүл дүкеніндегі дау: Мемкірістер басқармасының қызметкері жұмыстан кетті Фото: Шымкент ПД

Шымкенттегі даулы оқиғаның екінші қатысушысы – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды болып шықты. Ол берген арыз негізінде қызметінен босатылды, деп хабарлайды  Inbusiness.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына қажет болған жағдайда тағайындалған тәртіптік жазаның қызметтік тексеруге сәйкестігін зерделеу шараларын қабылдау тапсырылды.

"Алайда қазір Данияр Елқонды өз өтініші негізінде қызметінен босатылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның өз өтініші бойынша мемлекеттік қызметті тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ", делінген ресми хабарламада.

Өткен аптада Қазнет гүл дүкенінен түсірілген видеоны белсенді түрде тарата бастады. Кадрда мас күйіндегі ер адамның мекеме қызметкерлерін қорқытып жатқаны байқалады. Сипаттамаларда белгісіз адамның прокурордың ұлы екені айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу