Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 2 айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы журналистің адвокаты Мұрат Адам хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының Полиция департаменті Гүлнәр Бажкенованың үстінен бірнеше рет әдейі жалған ақпарат таратты деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Тергеу әрекеттері аясында арызданушылардың келтірген уәжі мұқият тексеріліп жатыр.
Айта кету керек, бұған дейін Алматы полиция департаменті Гүлнәр Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлағанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу