Халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі ұсталды

317

Ол Шымкент қаласында қолға түсті.   

Халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі ұсталды Фото: Polisia.kz

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы көрші елдің азаматын құрықтады. Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті.

Қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесінде Шымкент полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні 2 ай ішінде іздеп тапты.

Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады.  Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу