Илон Маск Tesla акцияларының бір бөлігін 3,6 миллиард долларға сатты

573

Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін Маск шамамен 22 миллион акция сатты.  

Илон Маск Tesla акцияларының бір бөлігін 3,6 миллиард долларға сатты Фото: tengrinews.kz

Илон Маск тағы да Tesla электромобильдер шығаратын компаниядағы үлесінің бір бөлігін шамамен 3,6 миллиард долларға сатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz АА сайтына сілтеме жасап.

Бұған АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) электрондық базасына келіп түскен деректер дәлел бола алады.

Оған сүйенсек, дүйсенбіден сәрсенбіге дейін Маск шамамен 22 миллион акция сатты. Ал қараша айында Маск Tesla акцияларын 3,95 миллиард долларға сатты.

Сонымен қатар, американдық кәсіпкер Tesla акцияларын сәуір айында шамамен 8,5 миллиард долларға, ал тамыз айында 6,9 миллиард долларға сатты.

Қазан айының соңында Маск Twitter компаниясын сатып алу үшін 44 миллиард долларлық келісімді жауып, әлеуметтік желіні иемденгенін еске саламыз.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу