Иран оңтүстігінде жер сілкініп, 4 адам көз жұмды

850

Иран оңтүстігінде жер сілкініп,  4 адам көз жұмды

Иран оңтүстігінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісінен 4 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс жергілікті телеарнаға сілтеме жасап.

Зілзала кіндігі Фарс провинциясындағы Хондж қаласы маңындағы елді мекенде орналасқан. Телеарнаның хабарлауынша, қаза тапқандар шетелдіктер болып шыққан.

Алдын ала болжам бойынша, олар жергілікті фермаларда жұмыс істейтін Ауғанстан азаматтары болуы мүмкін. Еуропа Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі 02.33-те тіркелген. Зілзала ошағы Шираз қаласынан 170 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу