Ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері онлайн түрде бақыланатын болады

219

Бүгінде мониторингтің автоматтандырылған жүйесін 39 кәсіпорын орнатқан. 

Ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері онлайн түрде бақыланатын болады Фото: teamon.live

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Парламенттік комиссия отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірінші санаттағы ірі кәсіпорындардың өнеркәсіптік шығарындыларын бақылау мақсатында мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату жұмыстары басталды. Жүйені орнатуға міндетті 91 кәсіпорынның ішінен бүгінгі таңда 39 кәсіпорын орнатты, оның 9-ы деректерді жолдап отыр. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға әсерін онлайн режимде бақылауға және кәсіпорын тарапынан профилактикалық сипатта да, сондай-ақ мемлекеттік бақылау тарапынан шаралар қабылдауда да жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, мониторингтің автоматтандырылған жүйелерінен алынған кәсіпорындардың барлық дерегі "Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесінде жинақталатын болады. 

"Биылдан бастап министрлік мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату және одан деректерді беру мәселесіне назар аударатын болады. Заңнама талаптары орындалмаған жағдайда әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады", - деп түсіндірді Экология және табиғи ресурстар министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу