Іріңді жөтел, диарея: Астанада COVID-19 ауыр түрі тіркелді

433

WhatsApp-та "Астанада COVID-19 жаңа белгілері тіркеліп жатқаны туралы" хабарлама таралды.

Іріңді жөтел, диарея: Астанада COVID-19 ауыр түрі тіркелді  Фото: inbusiness.kz

Бұл жолы аурудың белгілері – іріңді жөтел және диарея. Ақпаратқа қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі stopfake.kz сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, елімізде COVID-19 таралуы бойынша тұрақты жағдайға жеттік. Барлық аймақтар "жасыл" аймақта, ал карантиндік шектеулер алынып тасталды. Дегенмен, инфекцияның жекелеген жағдайлары әлі де тіркелуде.

"Біз COVID-19 коронавирустық инфекциясы жойылмағанын түсінуіміз керек. Вирус әлі де таралуда. Бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, оның таралуын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар жүріп жатыр. Айта кету керек, ірің бөлінетін жөтел және диарея коронавирустық инфекция белгісі емес. Әдетте, инфекция жұқса, жөтел құрғақ сипатта болады. Аурудың жеңіл ағымына байланысты халық медициналық көмекке сирек жүгінуде",-деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан шығатыны, "іріңді жөтел және диарея симптомдары бар COVID-19  ауыр түрі тарап жатыр" деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу