Қамшыбек Ташиевке қатысты іс "құпия" белгісімен қаралады

571

Бұл туралы адвокат хабарлады.

Қамшыбек Ташиевке қатысты іс "құпия" белгісімен қаралады Фото: elitar.kg

Қырғызстанның Бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің экс-төрағасы Қамшыбек Ташиевке қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті. Бұл туралы оның адвокаты Икрамидин Айткулов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ташиевке билікті күшпен басып алуға дайындалу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған. Адвокат Икрамидин Айткулов қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Бішкектегі Первомай аудандық сотына жолданғанын хабарлады. Іс бойынша Ташиевтен бөлек тағы жеті адам айыпталушы ретінде белгіленген.

Бұл ретте экс-шендіге қатысты істе құпия грифі бар екені айтылды. Бұл сот отырыстары жабық режимде өтіп, тергеу мен сотқа қатысты мәліметтерді жариялауға тыйым салынғанын білдіреді.

Айта кету керек, бұған дейін Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деген айып тағылғанын жазғанбыз. Қызметінен кеткеннен кейін ол Германиядан мәлімдеме жасады. 

Ташиев биылғы ақпан айында Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу