Канада Беларусь банктеріне қарсы санкциялар енгізді

408

Канада Беларусьтің қаржы секторының тоғыз мекемесіне қарсы санкциялар енгізді, тиісті шешім Канада үкіметінің ресми сайтында жарияланды.  

Канада Беларусь банктеріне қарсы санкциялар енгізді Фото: img3.eadaily.com

Шектеу шараларын қозғайтын ұйымдардың қатарына Беларусь Ұлттық Банкі, сондай-ақ республиканың ірі мемлекеттік әрі коммерциялық банктері - Беларусь Банкі, Белагропромбанк, БПС-Сбербанк, Приорбанк, БелВэб Банкі, Белгазпромбанк, ВТБ-Банк және Статусбанк кірді, деп жазады inbusiness.kz.

Мұндай шараларды қабылдауға "Беларусь Республикасының әрекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің бұзылуына әсер етеді, оның арты елеулі халықаралық дағдарысқа алып әкелуі мүмкін" екенін түрткі болған көрінеді.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Канадаға ресми сапармен келген Украина премьер-Министрі Денис Шмыгалмен кездесу кезінде Беларуське Ресейдің одақтасы ретінде "одан әрі қысым жасау" мақсатында санкциялар енгізілгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу