Қарағанды-Теміртау трассасында көлік жанып кетті

330

Оқиға 3 қазан күні болған.  

Қарағанды-Теміртау трассасында көлік жанып кетті Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыдан Теміртауға баратын жолда көлік жанып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД пультіне көлік жанғаны туралы хабарлама 3 қазан күні сағат 16.44-те түскен.

“Теміртау қаласында, “Алматы-Екатеринбург” автомобиль жолының 1046-шы шақырымында Mercedes-Benz маркалы көлігі толық жанып кетті. Өрт аумағы – 3 шаршы метр. Өрт ТЖД күштерімен сағат 17:05-те ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ”, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу