Қарағандылықтар төтенше жағдайларда мобильді қосымшаға жүгіне алады

1034

Қарағандылықтар төтенше жағдайларда мобильді қосымшаға жүгіне алады

Қарағанды облысының ТЖД мен "IT-Expert.Asia" ЖШС бірлесіп, тұрғындарды құлақтандыратын "Kazakhstan ТЖД" мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Облыстық ТЖД хабарлағандай,  қосымшаны енгізу мен қолданудың негізгі идеясы халыққа ТЖ туралы жедел ақпарат ұсыну қажеттігі себеп болды.

Бірнеше жылдың тәжірибесі көрсеткендей, ұялы байланыс операторлары арқылы жіберілетін смс-хабарламаларды рәсімдеуге 2 сағаттан 3 сағатқа дейінгі уақыт кететіндігі анықталды. Осыдан, алдын алуға бағытталған кейбір ақпарат өзінің өзектілігін жоғалтып жатады.

Мобильді қосымша өз кезегінде: пайда болу қаупі бар түрлі жағдайлар туралы ақпаратты лезде алуға, дауылды ескертулер, жолдардың жабылуы, сабақтың болмауы мен ауа райы жағдайлары туралы ақпаратты жедел алуға, түрлі экстремалды жағдайларда іс-әрекет тәртібі туралы ақпаратты қолдануға, авариялық қызметтерге арнайы телефондар арқылы хабарласуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, "Kazakhstan ТЖД" қосымшасы: жабық жолдар туралы, су тасқыны мен су басудың ауқымы, ТЖ болған жер мен адамдардың болуына қауіпті аумақтар белгіленетін интерактивті карта болып табылады.

Одан бөлек, қосымша белгілі өңірді таңдап, ҚР Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша хабарлама алу мүмкіндігі бар. Хабарландыру үш тілде жүргізіледі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Барлық ақпарат түсіп отыратын қосымшаның модераторы болып ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі болып табылады.

Жедел хабарлама қауіпсіздікке бір қадам болып табылады, сонықтан Қарағанды облысының ТЖД техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы уақытылы хабарлау үшін мобильді қосымшаларды қолдана бастады.

"Kazakhstan ТЖД" – бұл жай мобильді қосымша емес, толыққанды бағдарламалар кешені түрлі міндеттерді шешуге арналған көптеген мүмкіндігі бар, халықты ақпараттандыру мен ТЖ кезіндегі іс-әрекет мәдениетінің деңгейін көтеруге ықпал етіп, өздігінен дамитын өнім.

Қазіргі уақытта қосымшаны 46000 адам жүктеп алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу