Қарулы күштердің әскери қызметшілері Оралға көмекке келді

373

Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жүзден аса әскери қызметшісі су басқан аудандарға көмекке келді.    

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Оралға көмекке келді Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Су тасқынына қарсы өңірде жүргізілген алдын-алу шараларына қарамастан, қардың еруі мен нөсер жаңбырдың салдарынан облыстағы бірқатар аудандарды су басу қаупі төніп тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің әскерилері бір тәулік ішінде тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды су басудан қорғау үшін құм толтырылған қапшықтарды тасып жатыр.

Бұл ретте 5 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды, олар еріген суға бөгет болады. Бірнеше жүз метрлік кедергілер салынды, бұл су ағындарын алдын алуға көмектеседі.  

Бригаданың жеке құрамы ауысыммен жұмыс істеуде және шаруашылық объектілері мен азаматтардың мүлкіне залал келтірмеудің бар амалы жасап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу