Қаржы министрлігі бюджет тапшылығына байланысты мемлекеттік қарызды одан әрі ұлғайтуға ниетті

375

Алдағы төрт жылда бюджет тапшылығын жабу үшін қосымша мемлекеттік қарыз алу болжануда.  

Қаржы министрлігі бюджет тапшылығына байланысты мемлекеттік қарызды одан әрі ұлғайтуға ниетті Фото: Zakon.kz

Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта борыштық индикаторлар, рұқсат етілген мәндер аймағында.

Былтыр мемлекеттік қаржыны басқаруға қатысты жаңа тұжырымдама қабылданған. Осы құжатқа сәйкес 2030 жылға қарай, үкіметтік борышты өтеу шығындары республикалық бюджет шығыстарының 10%-нан аспауы тиіс.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 7% шамасында болған. Айта кетейік, биылғы жылдың басында, Қазақстанның қарызы 25 трлн теңге болды. Оның ішінде 22 трлн теңге  мемлекеттік қарыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу