Қашағанда мұнай өндірісі тоқтатылуы мүмкін

336

Эмиссияларға рұқсаттың болмауына байланысты Қашағандағы өндіріс 1 қарашадан бастап толығымен тоқтатылуы мүмкін. 

Қашағанда мұнай өндірісі тоқтатылуы мүмкін Фото: Inbusiness.kz

Сарапшылар ҚР Экология министрлігі осылайша Қашаған консорциумының акционерлеріне қысым көрсеткені болуы керек деген тұжырым жасап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстанның мұнай мен газы" Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып.

Қашаған операторы — NCOC компаниясы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуда қиындықтарға тап болуы мүмкін.

"Осы рұқсаттарды беретін Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен түсініспеушілік, бәлкім, ҚР Экология министрлігі тарапынан Қашаған консорциумының акционерлеріне NCOC-ты 2,3 триллион теңге (қазіргі бағам бойынша 5 миллиард доллардан астам) сомаға экологиялық айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеуге тырысып жатқан ауқымды шабуылдың бір бөлігі.

Компания айыппұлдың едәуір бөлігінен сот арқылы құтылған еді бірақ мемлекеттік орган сот шешімімен келіспеді және апелляциялық шағым түсірді. Апелляциялық сот процесі осы қыркүйекте басталды", - деп жазады дереккөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу