Қашағандағы шағалалар құс тұмауынан қырылған

582

Экология министрлігі зерттеу нәтижесін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қашағандағы шағалалар құс тұмауынан қырылған

Қашаған кен орнының екі жасанды аралында шағала құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды. Қазір олардың саны 2 750-ге жетті.

Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында су, топырақ және ауа сынамалары, сонымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды.

Зерттеу нәтижесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу