Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 1 мың гектарға жетті

264

Жағалаудағы батпақты аумақтағы 20 гектар қамыс әлі бықсып жатыр.  

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 1 мың гектарға жетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2 наурыздан бері Каспий теңізінің Құрманғазы ауданы аумағындағы жағалауында қамыс өртенген, деп жазады inbusiness.kz Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта "Құрманғазы орманшылығы" КММ аумағында 1000 гектар алаңда қамыстың жанғаны анықталды. Қамыс өртінен ауданның елді мекендеріне төніп тұрған қауіп жоқ", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Бүгін, 4 наурызда өрт ошағына барлау жүргізу үшін "ҚазАвиаҚұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілді.

"Теңіз жағалауының батпақты аумағындағы 20 гектарда қамыс бықсып жатыр. Өртенген қамыстың 780 гектары өздігінен сөнді. Ал, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 200 гектарда жалынды сөндірді. Жалынды жоюға төтенше жағдайлар департаментінен, "Құрманғазы орманшылығы" КММ-дан 37 адам, 1 техника, 4 мотопомпа, 3 моторлы қайық жұмылдырылды", - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Қамыс өртін сөндіру әлі жалғасып жатыр. Бірақ, теңіз жағалаудағы батпақ пен жолдың жоқтығы жалынды сөндіруге қиындық тудырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу