Каспийдің тыйым салынған жағалауларында шомылғандар айыппұл төлейді

690

Каспийдің тыйым салынған жағалауларында шомылғандар айыппұл төлейді

Каспийдің өмірге қатерлі жағалауында шомылғандар енді 16 мыңнан бастап, 144 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Облыс мәслихатымен бекітілген бұл шешім 10 шілдеде күшіне енеді. Ақтауда шомылуға мүлдем тыйым салынған екі жағажай бар. Олар – Шора су арнасы мен 4 шағынаудандағы жартасты жағалау. Бұл жерлердің түбі терең әрі өткір тастарға толы. Ескерту жазылған қалқаншалар тұрғанымен, оған құлақ асып жатқан жан жоқ. Нәтижесінде жыл басынан бері 4 адам суға кеткен. Қазір осы жағажайларды ұшқыр катерлерге мінген құтқарушылар мен полицейлер бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу