Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы футбол орталығында қолтаңба қалдырды

349

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы футбол орталығында қолтаңба қалдырды Фото: akorda.kz

Президенттің Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа орталықтың пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. "Smart Football" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған.

Орталықтың биыл 50 мыңнан астам адам қабылдау, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін Алматы қаласының оқушылары арасында турнир өткізу жоспары бар. Инвесторлар еліміздің барлық өңірінде осындай орталықтар желісін ашуды көздеп отыр.

Президент балаларға арналған спорт жобасын дамыту үшін жауапты органдарға жер телімін бөлу мәселесінде жәрдем көрсетуді тапсырды және Астанада осындай футбол орталығын салу туралы бастаманы қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу