Католик шіркеуі мүшелеріне төлем қабілеттілігін растамай елімізде тұрақты тұруға рұқсат беріледі

493

Сенат "1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады.

Католик шіркеуі мүшелеріне төлем қабілеттілігін растамай елімізде тұрақты тұруға рұқсат беріледі Фото: Jibek Joly

Аталмыш құжат осыған дейін Мәжіліс қабырғасында қабылданған болатын, деп жазады inbusiness.kz. 

Заңның міндеті – 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау. 

"Келісім "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады. Келісімге 2022 жылғы 14 қыркүйекте Астанада Католик шіркеуінің шетелден келген мүшелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру мәселелерін реттеу мақсатында қол қойылды", - деді сенатор Андрей Лукин.

Оның сөзінше, рұқсатты ресімдеу кезінде ерекшелік төлем қабілеттілігін және тұратын жерін растау алынып тасталады. Бұл өз кезегінде католик шіркеуінің құзыретті органының жазбаша міндеттемелерімен ауыстырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу