Қазақстан Батыс санкцияларына қосыла ма?

360

Бұл сұраққа бүгін Сенат спикері жауап берді

Қазақстан Батыс санкцияларына қосыла ма?

Қазақстан Ресейге қарсы батыс елдерінің санкцияларына қосыла ма? Бұл сұраққа бүгін Сенат спикері жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Мәулен Әшімбаев "Қазақстан бұған дейінгі ұстанымнан таймайды" - деп отыр. Яғни, ұлттық мүддені бірінші орында тұратынын тағы да айтты.

Осы аптаның басында Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің "Орталық Азияның бірқатар мемлекеті батыстың шектеулеріне қосылуға дайын отыр" деген мәлімдемесі тараған. Ол сондай-ақ, жанама санкциялардан қашып, Ресеймен қарым-қатынасты үзудің зардабы ауырырақ тиюі мүмкін екенін де ескерткендей болды. Нақты қай ел екенін атап айтпаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу