Қазақстан COVID-19 дағдарысынан қалай шығып келеді – тәуелсіз экономистің пікірі

919

Бірнеше интернет платформада онлайн режимде VIII CFO саммиті өтіп жатыр. Саммитке елге танымал экономистер мен сарапшылар жиналған. Жиында елдің экономикалық ахуалына, келешегіне баға беріліп, маңызды мәселелер талқылануда, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

Қазақстан COVID-19 дағдарысынан қалай шығып келеді – тәуелсіз экономистің пікірі

Саммитте алғашқылардың бірі болып экономист Алмас Чукин сөз сөйледі.

"Осыдан бір жыл бұрын экономистердің бәрі де еліміз бұл дағдарыстан қалай шығатыны жөнінде бас қатырып, әртүрлі нұсқаны жариялағаны белгілі. Дағдарыстан шығудың V сипаттағы шешімі, Y, W, L сипаттағы шешімдерінің бары айтылды. V сипаттағы шешім – жалп беріп құлап, қайта "атып тұрған" экономика. Y сипаттағы шешімнің ұзақмерзімді сипаты бар делінді. W сипаттағы шешімге келсек, оған біз күрделі деп баға бердік. Ал ең қиын жағдай – L сипаттағы шешім еді. Яғни бұл шешім барысында экономика терең дағдарысқа еніп, әрең шығады", - деді Алмас Чукин.

Алмас Чукиннің айтуынша, Қазақстанда және әлемнің басқа мемлекеттерінде болып жатқан сценарий – K сипаттағы шешім. 

"Яғни жекелеген секторлар бірден өсім жолына қайтып келді. Ал жекелеген секторлар қатты құлдырап, көмекке мұқтаж болып тұр. Классикалық мысал ретінде Эйр Астана компаниясын атап өтер едім. Олар бірнеше ұшағы мен әуе сапарын жоғалтып алды. Олар меніңше, соңғы 20 жылда тауып келген ақшасын қағылған секілді. Алайда ол өте мығым компания болғандықтан, әзірге бұл қиындықты еңсеріп тұр. Әйтсе де меніңше, компанияның дәл осындай дағдарыстың тағы бір жылын көтере ала ма, жоқ па деген сұрақтың жауабы дүдәмал. Бәлкім, мемлекет мұндай компанияларға түптің түбінде бәрібір көмек көрсетуі керек", - деп түйді экономист.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу