Қазақстан мен Вьетнам кино және туризм саласында әріптестікті арттырмақ

155

Вьетнамда өтіп жатқан Қазақстан мәдениеті күндері аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Чамен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан мен Вьетнам кино және туризм саласында әріптестікті арттырмақ Фото: gov.kz

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту және бірлескен жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Аида Балаева Қазақстан мен Вьетнам қарым-қатынасы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін атап өтіп, мәдениет пен креативті индустрия салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтты. Тараптар креативті туризмді дамытуға ерекше мән берді.

Атап айтқанда, туристерді ұлттық дәстүрлермен, қолөнермен, тағамдармен таныстыратын мәдени бағдарламалар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру ұсынылды. Кино саласындағы байланысты кеңейту де күн тәртібінде болды.

Екі елде кино апталықтарын өткізу, фестивальдерге режиссерлер мен кинематографистердің қатысуын арттыру, бірлескен фильмдер түсіру және кино өндірісі үшін Қазақстан мен Вьетнамның мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері қаралды.

Сонымен бірге тарихи қалалар, музейлер, мәдени мұра нысандары, қолөнер орталықтары мен фестивальдерді қамтитын ортақ туристік бағыттар әзірлеу бастамасы ұсынылды.

Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу