"Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" байқауына өтінім қабылдау басталды

1453

Сыйақы қоры 8 500 000 теңгені құрайды.

"Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" байқауына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жылдағы дәстүр бойынша баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Конкурстың мақсаты – қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі "Назарбаев моделін", Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

Шығармашылық байқау 5 номинация бойынша өткізіледі: "Үздік телевизиялық материал", "Үздік радиоматериал", "Газеттер мен журналдардағы үздік мақала", "Ғаламтор БАҚ-тағы үздік жарияланым", "Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым".

Сыйақы қоры 8 500 000 теңгені құрайды.

Конкурсқа 2018 жылғы 10 қазан мен 2019 жылғы 10 қазан(қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 3 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында пошта арқылы Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, 404 бөлме мекенжайында қабылданады.

Байқауды өткізудің шарттары мен мерзімдері туралы толық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz және www.fpp.kz сайттарынан танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу