Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

982

Аталған компания тарапынан қызығушылық бар. 

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін Фото: 24.kg

Қазір Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған компания тарапынан қызығушылық бар, бірақ келісімнің қашан аяқталатыны белгісіз. Егер біздің жоспар орындалса, біз де Samsung тұрмыстық техникасын шығаратын боламыз, нақты айтқанда теледидар, кір жуу мәшинесі. Компания бізге келуі үшін құқықтық-нормативтік құжаттарды өзгертуіміз қажет", – деп жауап берді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр Алматы қаласында Xiaomi теледидар құрастырып-шығару зауыты іске қосылды. Түркістанда коммерциялық тоңазытқыш құрастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу