Қазақстанда жылқы еті қымбаттай ма?

476

Республикада 4 миллионға жуық жылқы бар.

Қазақстанда жылқы еті қымбаттай ма? Фото: canva.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте жылқы етінің бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші АШМ басшысынан "Жаңаарқадағы жұттан кейін жылқы еті қымбаттай ма?" деп сұрады. 

"Жылқы еті қымбаттамайды. Себебі бізде жылқы етінің бағыты жақсы дамып жатыр. 4 миллионға жуық жылқы басы бар. Оның салдарынан жылқы еті қымбаттамайды", - деді министр.

Айта кету керек, осыған дейін АШМ басшысы Ұлытау облысындағы жұтқа қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз. Министрлік болған жайтқа жауапты тек жергілікті атқарушы органдар емес, мал иелері деген де пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу