Қазақстандық банктер салымшыларынан айырылып жатыр

806

Қазақстандық банктер салымшыларынан айырылып жатыр

Қазақстан банктеріндегі жеке депозиттер саны ақпан айында 0,4%-ға, ұжымдық депозиттер - 3,1%-ға азайды, деп хабарлайды sputniknews.kz FinProm.kz порталы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі салымдардың жалпы көлемі 2018 жылдың ақпан айының соңында 16,5 триллион теңгені құрады – бұл биыл қаңтар айындағы көрсеткіштен 1,8%-ға кем. Алайда бір жыл ішіндегі көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ.

Салымдардың жалпы көлемі былтырғы деңгейде қалса да, құрылымында бірқатар өзгеріс бар.

Ұжымдық салымдардың үлесі бір жыл ішінде 53,9%-дан 50,7%-ға дейін төмендеді, яғни 530,1 миллиард теңгеге қысқарып, 8,4 триллион теңгені құраса, жеке салымдар үлесі 46,1%-дан 49,3%-ға артып, 8,1 триллион теңге болды.

Салым көлемінің ұлғаюы бойынша көш бастап тұрған – Сбербанкте 175,7 миллиард теңгеге өсім байқалады. Бұл банк ұжымдық және жеке депозиттердің өсімі бойынша екінші деңгейлі банктер ішінде үздік бестікке кіреді. Одан кейінгі орында Kaspi банкі – өсім көлемі 170,8 миллиард теңге және ForteBank-тегі өсім көлемі - 152 миллиард теңге.

Әрі қарай үздіктер тізімінде салым мөлшері 120,8 миллиард теңгеге артқан Qazkom және 113 миллиард теңге өсіммен Тұрғын үй жинақ банкі тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу