Қазақстандықтар ақшаны көбінесе қай валютада сақтайды?

327

Депозиттік базада заңды және жеке тұлғалар салымдарының өсімі байқалады. 

Қазақстандықтар ақшаны көбінесе қай валютада сақтайды? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Соңғы 2-3 жылда депозиттік базада оң динамика байқалып отыр. Адамдар депозитті ұлттық валютада көбірек аша бастағанын көріп отырмыз. Осыдан 2-3 жыл бұрын азаматтар негізінен шетел валютасында депозит ашатын. Бүгінгі таңда, банк секторында тұрғындар салымдарының өсімі байқалады", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Олжас Қизатовтың сөзінше, халықтың банк жүйесіне сенімі оралып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін жыл басынан бері банктердің активтері 8,6%-ға артқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу