banner

Қазақстанның мұнай экспортындағы Vitol үлесі 10%-дан аспайды

635

ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан мұнайын сыртқы нарыққа тасымалдайтын арналарды монополизациялау  туралы ақпаратты растамады. 

Қазақстанның мұнай экспортындағы Vitol үлесі 10%-дан аспайды

Швейцарлық Vitol мұнай трейдерінің қазақстандық мұнай экспортының басым бөлігін иеленуі үшін әкімшілік ресурстарды пайдаланғаны туралы ақпарат расталмады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде баяндама жасаған ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов айтты. Оның сөзінше мұнай экспортындағы Vitol мұнай трейдерінің үлесі 10%-дан аспайды.

"Энергетика министрлігінің есебінше 2009 жылдан 2019 жыл аралығында елден барлық компаниялар 752 млн тонна мұнай экспорттады. Соңғы 10 жылда оның 53 млн тоннасы немесе 7%-ға жуық үлесін Vitol мен еншілес компаниялар сатып алған", – деді Берік Асылов.

Бұған қоса ол өткен жылы экспорттың 75%-ы елдегі үш ірі кен орнының үлесіне тисілі екенін жеткізді.  Олар: Теңіз ("Тенгизшевройл" ЖШС, 29,7 млн тонна), Қашаған ("NCOC" компаниясы, 14,1 млн тонна) и Қарашығынақ ( "KПО Б.В." компаниясы, 10,1 млн тонна).

"Операторлар аталған экспорт көлемінің 45,78 млн тоннасын өнімді бөлу келісіміне (ӨБК) және ел Үкіметімен келісімшартқа сәйкес  халықаралық нарықта тәуелсіз маркетингтік жүйелері арқылы саудалады. Себебі олар ішкі нарыққа шикізат тасымалдауға міндеттелмейді", - деді Берік Асылов.

Елден шығарылатын мұнайдың қалған 25,4%-ын мұнай-газ барлау жұмыстарымен айналыстан 58 компания жүзеге асырады.  Бірінші энергетика вице-министрі Мұрат Жүребековтың сөзінше бұл компаниялар бірінші кезекте отандық мұнай өңдеу зауыттарына, яғни ішкі нарыққа шикізат тасымалдайды. Тек содан кейін экспортқа шикізат шығарады.

Ұлттық компанияның төралқа төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев 2009-2019 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқаруындағы "Ембімұнайгаз", "ӨзенМұнайГаз" және  "ҚазақТуркМұнай" бойынша Vitol-дың мұнай салудағы үлесі 2%-ды немесе 1,23 млн тоннаны құрады деп мәлімдеді.  

Бұған дейін батыс және отандық БАҚ беттерінде осыған қатысты сыни мақалалар жарияланған болатын. Атап айтсақ,  Vitol мұнай трейдеріне ресурстарды басқару мүмкіндігі беріліп, елден экспортталатын мұнайдың басым бөлігін иеленгендігі туралы жазылған. Алайда Бас прокуратура тексерісі барысында анықталған жайттар мұның барлығын жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу