Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты

238

Keshyou қыздар тобы әлемге әйгілі америкалық рэпермен коллаборация жасамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Фото: бейнеден

Олар Instagram желісінде "Қазақтар Снуп Догты қазақтың ұлттық киімімен таныстырды" деген жазба қалдырған.

Сондай-ақ, Keshyou тобының продюсері Баян Алагөзова да әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Қызығушылықты соңына дейін қалдырғымыз келген, бірақ Snoop Dogg мұны біз үшін жасады. Снупи, сен аңыз адамсың! Менің құрметті оқырмандарым, сіздерден лүпіл (лайк) басуды, әрине біздің туымызды қалдыруды сұраймын. Әлем біздің қыздарымызды тануы керек, олар шынымен керемет емес пе?!!! Аида, қымбатты құрбым, Снупқа сенің шапаның мен бас киімің ұнады және оны видеода мәңгі есте қалдырды", - деді елге танымал продюсер. 

Одан бөлек, қазақтың шапанын киген америкалық рэпер әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жарияланымды бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу