Қазгидромет: Астанада аяз, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады

1185

Болжамға сәйкес, елордада күн күрт суыту ықтималдылығы жоғары, ал еліміздің өзге ең ірі екі мегаполисінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. 

Қазгидромет: Астанада аяз, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады Фото: unsplash

Астанада - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -3...-5°С, күндіз: +7...+9°С;

Алматыда - аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, аракідік найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +13...+15°С;

Шымкентте - аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, таңертең және түстен кейінгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +19...+21°С.

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын, негізінен жаңбыр жауатынын ескертеді.

"Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), республикамыздың шығысында, орталығында да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейею сипаты басым, еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерінде көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу