"ҚазМұнайГаз" коронавирус пандемиясымен күреске 2,6 млрд теңге бөлді

901

"CASPI BITUM" БК" ЖШС Ресей Федерациясынан келген тоғыз дәрігердің қонақ үйде бір ай тұруын төлеп берді.  

"ҚазМұнайГаз" коронавирус пандемиясымен күреске 2,6 млрд теңге бөлді

2020 жылғы 20 шілдеде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Серікбай Трұмовпен кездесіп, ҚМГ кәсіпорындарындағы эпидемиологиялық ахуалды және коронавирустың әрі қарай таралуын алдын алу бойынша Компанияның қолға алған шараларын талқылады. Сонымен қатар ҚМГ басшысы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының өңір тұрғындарына көрсетіп жатқан демеушілік және қайырымдылық көмегі туралы баяндады.

"Біз алғашқы күннен бастап пандемияға қарсы күреске барынша атсалысып келеміз. Компания өз қызметін жүргізетін өңірлердің тұрғындарына қамқорлық көрсетуде. "ҚазМұнайГаз" жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеге, соның ішінде Маңғыстау облысына 1,8 млрд теңгеге демеушілік қолдау көрсетті. Бұл қаражат аса қажетті медициналық құрал-жабдық, реанимобильдер, оттегі концентраторларын және өкпені жасанды желдету аппаратарын сатып алуға жұмсалды. Сондай-ақ, ҚМГ-ның еншілес компаниялары әкімшілік пен медициналық мекемелерге көлік, жеке қорғаныс құралдарын, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған азық-түлік жинақтарын алып берді. Біз коронавирус індетімен бірлескен күрес барысында дәрігерлер мен жергілікті атқарушы органдарға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырамыз", - деп атап өтті А. Айдарбаев.

Жұмыс сапары барысында Алик Айдарбаев Ақтау қаласындағы медициналық орталықтың қызметімен танысты. Аталған орталық ҚМГ-ның еншілес және сервистік компаниялары жұмысшыларын вахта ауысымына кірісер алдында ПТР-тестілеуден өткізеді. Тестілеуден тәулігіне 200 адамға дейін өтеді. Тестілеу COVID-19 жұқтырғандарды анықтауға және өндіріс орындарында аурудың таралуын алдын алуға

септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, Алик Айдарбаев Жаңаөзен қаласында "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Қаражанбасмұнай" АҚ және сервистік кәсіпорындар басшыларының қатысуымен селекторлық жиналыс өткізді. Жиналыс барысында ағымдағы қызметтің, дағдарысқа қарсы стратегияның іске асырылу, пандемиямен күрестің және санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың қатаң орындалуы мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, Алик Айдарбаев коронавирус инфекциясы мен пневмониядан қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына және туған-туыстарына көңіл айтып, науқастанған әріптестестеріне тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Өкінішке қарай, әріптестеріміздің арасында да осы індеттен қайтыс болғандар бар. Бұл жанға бататын ауыр жағдай. Бақилық болған қызметкерлер мұнай-газ өнеркәсібін дамыту мен өркендетуге елеулі үлес қосқан азаматтар еді. Олардың ерен еңбектерін біз ешқашан ұмытпаймыз", – деді Алик Айдарбаев.

Жаңаөзен қаласында ҚМГ басшысы ашылуы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жоспарланып отырған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық-оңалту орталығына барды. Жобаға "Өзенмұнайгаз" АҚ тарапынан 50 млн теңге бөлінген. Орталықта жылына 700 балаға дейін оңалтудан өте алады.

Сондай-ақ, Алик Айдарбаев "Өзенмұнайгаз" АҚ жанындағы провизорлық

орталықтың қызметімен танысты. Провизорлық орталық қалалық инфекциялық емханалардың жүктемесін азайту үшін қосымша 65 төсек-орынмен жабдықталды, тәулігіне 500-ге жуық науқасты қабылдай алады. ҚМГ Басқарма төрағасы "Өзенмұнайгаз" АҚ басшылығына провизорлық орталықты қажетті жабдықпен қамтамасыз етуді тапсырды. Ол келешекте "Өзенмұнайгаз" АҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін емдеуге арналған толыққанды медициналық орталық ретінде жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Маңғыстау облысы бойынша көрсетілген демеушілік көмек туралы анықтамалық ақпарат "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ компьютерлік томография аппаратын сатып алу үшін 475 млн теңге бөлді. Бұл жабдық жақын арада Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілетін болады. Жергілікті медицина ұйымдарына 817 млн теңгеден астам сомаға 20 өкпені жасанды желдету аппараты және үш реанимобиль сатып алынды.

"Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының мұнайшылары өз еріктерімен жергілікті ауруханаларға оттегі баллондарын жинақтау, толтыру және жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Компанияның демеушілік қолдауымен Ақтау қаласына Ресей Федерациясынан 9 адамнан тұратын бір топ жоғары білікті медицина қызметкерлері келді. Олар: инфекционист, пульмонолог, терапевт, реаниматологтар.

"Өзенмұнайгаз" АҚ Жаңаөзен қаласының ауруханасына жалпы сомасына 40 млн теңгеге 2 жаңа мамандандырылған реанимобиль алып берді. Компания карантин кезеңінде қаланың тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Айталық, компания 6 инфрақызыл тепловизор және қалада дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге бірнеше арнайы техника бөлді. "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" бірлестігі қалалық ауруханының қажеттіліктері үшін 5 млн теңгеге 10 оттегі концентраторын, 6,9 млн теңгеге 4 науқастарға арналған мониторды, 723 мың теңгеге 100 оттегі редукторы мен 150 метр оттегі шлангысын сатып алды.

"Қаражанбасмұнай" АҚ Маңғыстау облысының әкімдігіне өңірдің жұқпалы аурулар және провизорлық мекемелері үшін оттегі концентраторларын алуға жалпы сомасы 20 млн теңгеге демеушілік көмек көрсетті. Түпқараған ауданының әкімдігіне провизорлық орталыққа тапсыру үшін оттегі концентраторларын, медициналық құрал-жабдықты және жеке қорғаныс құралдарын алуға 7,4 млн теңге бөлінді. Жақын арада компания Ресей Федерациясынан келген медицина мамандарының шығындарын өтеуге және қажетті дәрі-дәрмек алуға тағы да 43,5 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.

"Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС осы айдың соңына дейін Маңғыстау облысының әкімдігіне 20 өкпені жасанды желдету аппаратын және жеке қорғаныс құралдарын беруді жоспарлап отыр. Әкімдік оларды медициналық мекемелерге үлестіріп береді. Демеушілік көмектің жалпы сомасы 320 млн теңгеден асады.

"CASPI BITUM" БК" ЖШС Ресей Федерациясынан келген тоғыз дәрігердің қонақ үйде бір ай тұруын төлеп берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу