banner

"Қазпошта" мен халықаралық төлем жүйесі цифрлық экономиканы бірлесіп дамытпақ

Қос тарап арнайы меморандумға қол қойды.  

"Қазпошта" мен халықаралық төлем жүйесі цифрлық экономиканы бірлесіп дамытпақ Фото: google

Digital Forum Almaty форумы аясында "Қазпошта" АҚ ұлттық пошта байланыс операторы мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Тараптар Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономика және финтех-экожүйелерді ынталандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Құжатта әлеуметтік жобалар үшін төлем шешімдерін әзірлеу және нарыққа шығару, электрондық коммерцияны дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру, сондай-ақ Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қауіпсіз цифрлық тәжірибені қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс көзделеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу