Кеден бекетінде құны 5 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

846

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан "Қапланбек" кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кеден бекетінде құны 5 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

 

 

"Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөліктен Түркістан облысы МКД және ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған офистік техникалар бары анықталған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді. Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қолданылады",– деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу