"KEGOC" АҚ орынбасарын жауапкершілікке тартылды

326

"KEGOC" АҚ электр энергиясының нарығын нақты уақыт режимінде теңгерімдейтін автоматтандырылған тетікті уақытында іске қоспай қойған.

"KEGOC" АҚ орынбасарын жауапкершілікке тартылды Фото: sk.kz

Сондықтан ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы "KEGOC" АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты, деп жазады Inbusiness.kz.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясы нарығын реформалау бойынша салалық шараларды қолға алған болатын. Электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданды.

"Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы тетігі енгізілді.

Бұл тетік елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шұғыл реттеуді талап ететін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, атап айтқанда:

- электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмау;

- өнімсіз делдалдарды қысқарту;

- электр станцияларының техникалық мүмкіндіктері негізінде тәуліктік кестелерді қалыптастырудан тұтынушылардың нақты кестелеріне кету есебінен шектес энергия жүйелерімен шекарада электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайту;

- жаңадан іске қосылатын генерациялау көздерінің жоғары тарифтерін және жұмыс істеп тұрған станциялардың тапшылығы мен ағымдағы тарифтері кезінде импорттық электр энергиясының бағаларын теңестіруді қамтамасыз ету, бұл болашақта ел өңірлері арасындағы электр энергиясына тарифтерді теңестіруге мүмкіндік береді", - делінген ҚР Энергетика министрлігі хабарламасында.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бағдарламалық кешенді іске қосудың есепті мерзімін бұзғаны және бағдарламаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы "KEGOC" АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу