"Кешегі күн 33 жылға татыды": Бишімбаевтың сотындағы сарапшы жеке парақшасын ашты

1377

10 сағат бұрын алғашқы жазбасын жариялаған сот сарапшысының қазір 7 мыңнан астам оқырманы бар.

"Кешегі күн 33 жылға татыды": Бишімбаевтың сотындағы сарапшы жеке парақшасын ашты Фото: instagram.com/takhir_khalimnazarov/

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Нүкенованың жараққаттарына қатысты деректерді айтқан сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотты тікелей эфирден көріп отырған қазақстандықтар Тахир Халимназаровтың кәсіби біліктілігіне қайран қалып, оған алғыс жаудырған.

10 сағат бұрын алғашқы жазбасын жариялаған сот сарапшысының қазір 7 мыңнан астам оқырманы бар.

"Құрметті оқырмандар! Мені қолдап, жылы сөз жазып жатқандарыңызға рақмет! Мен туралы және менің кәсіби біліктілігіме қатысты айтып жатқан пікірлеріңіз мен үшін маңызды. Кешегі күн сүйікті ісіме арнаған 33 жылға татыды!", - деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу